NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің докторантура бағдарламасына 2025-2026 оқу жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды
Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасына түсу конкурсына қатысу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау басталды. Онлайн тіркелуге асығыңыздар!
Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2025 жылғы 21 сәуірді қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша);
Шетелдік үміткерлер үшін 2025 жылғы 03 наурызды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Тіркелу жарнасы:
Стандартты тіркелу жарнасы: 15 000 теңге
Кеш тіркелу жарнасы: 45 000 теңге, алғашқы бекітілген соңғы мерзімге дейінгі соңғы екі аптадағы тіркеу жарнасы.
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3️. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн-банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
IELTS: Nazarbayev University
TOEFL: 6762
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу және Назарбаев Университетінде орныңызды қамтамасыз ету үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!