Жаңалықтар

Доктор Риккардо Пеллиццо IDEAS/RePEc рейтингі бойынша Қазақстандағы №2 экономист атанды!

NU GSPP профессоры және академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары, доктор Риккардо Пеллиццо 2025 жылдың қаңтар айындағы IDEAS/RePEc рейтингі бойынша соңғы 10 жылдағы жарияланымдар санына сәйкес Қазақстандағы №2 экономист ретінде танылды.

Құттықтаймыз, доктор Пеллиццо!

Доктор Риккардо Пелиццо – Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. Доктор Пелиццо – халықаралық деңгейде мойындалған саяси даму жөніндегі маман.


Доктор Пелиццоның зерттеулері дамушы елдердегі саяси даму, институционалдық реформа және институционалдық көрсеткіштер мәселелеріне бағытталған. Парламенттердің әлеуеті мен қызметін бағалауға арналған шаралар мен бағдарларды әзірлегеннен кейін ол қазіргі уақытта саяси тұрақтылықты және тиімді басқарудың басқа өлшемдерін өлшеу үшін бірнеше диагностикалық құралдарды әзірлеуде.
2025-03-17 17:15