2025 жылдың 16 мамырында СДУ Университетінде «Тұрақтылық пен тұрақты дамуды құрудағы серіктестік және ынтымақтастық» тақырыбындағы 3-ші SDSN Қазақстан конференциясы орын алды.
Конференцияның негізгі мақсаты – БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін ғылыми қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның сектораралық өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, экономикалық даму, экология және әлеуметтік әділеттілік салаларындағы жаһандық және өңірлік мәселелерді талқылау.

Тұрақты даму мақсаттары – 2030 жылға қарай әлемдегі барлық елдер қол жеткізуі тиіс 17 негізгі мақсат пен 169 міндеттемеден тұратын жаһандық күн тәртібі, оның ішінде кедейшілікті тоқтату, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, білім беру мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әділ қоғам құру сияқты мәселелер қамтылады. Бұл жыл сайынғы конференция Қазақстан мен Орталық Азияда осы мақсаттарға жету жолдарын талқылау алаңы болып табылады.
Конференцияға Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан сарапшылары мен зерттеушілері қатысып, бірнеше параллель сессиялар барысында келесі өзекті мәселелерді талқылады:

- ТДМ іске асыру стратегиялары және жаһандық серіктестік;
- Тұрақты даму үшін білім және технологиялар;
- Цифрлық қаржы, инклюзивті экономикалық өсу және тұрақты қауымдастықтар;
- Саясат, басқару және ұзақ мерзімді даму стратегиялары.
Өткен конференция барысында қатысушылар өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, әсіресе мемлекеттік мекемелер, академиялық орта мен үкіметтік емес ұйымдар арасында. Конференцияда ТДМ-ның нақты жүзеге асуын бақылау және тиімді реформалар мен бағдарламаларды зерттеу үшін сапалы деректердің қажет екені баса айтылды. Сондай-ақ, университеттердің жастар арасында тұрақты даму мен орнықты өсім туралы түсінікті арттырудағы маңызды рөлі талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушылар СДУ кампусын аралап, университеттің инфрақұрылымымен танысты.
SDSN Kazakhstan барлық қатысушыларға талқылауға белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін негізгі серіктес – СДУ Университетіне алғысын білдіреді. Жыл сайынғы SDSN Kazakhstan конференциясы Қазақстанда және Орталық Азия аймағында ТДМ мақсаттарына қол жеткізу бойынша тиімді тәжірибе мен идеялар алмасудың дәстүрлі алаңына айналды.