Жаңалықтар

Орталық Азия Су Конференциясы 2025: Су ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі халықаралық диалог

2025 жылғы 10 қазанда НУ ЖМСМ Орталық Азия Су Конференциясы 2025 (CAWC 2025) іс-шарасын өткізді. Бұл конференция Казахстан мен Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты басқарудың болашағын талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғалымдарды және сала мамандарын бір алаңға жинады.

Water Services and Technologies компаниясының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Бразилияның Қазақстандағы Елшілігі серіктестігімен өткен конференция су ресурстарын басқарудағы біліммен, озық тәжірибемен және инновациялық тәсілдермен алмасуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында су деректерін басқару, нормативтік-құқықтық база, су сапасы мен шахталық суларды бұру, ESG қағидаттарын енгізу және су балансы мен модельдеудің цифрлық құралдары тақырыптарында баяндамалар мен техникалық сессиялар өтті. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және халықаралық ұйымдардың сарапшылары су ресурстарын тиімді басқару мен орнықты саясат қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңартылған Су кодексін, халықаралық реттеу стандарттарын, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу, су қауіпсіздігі және табиғи ресурстардың тұрақтылығы салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Орталық Азия Су Конференциясы 2025 ортақ іс-қимылдар мен дәлелге негізделген саясат әзірлеудің маңыздылығын, сондай-ақ НУ ЖМСМ-нің тұрақты даму мен өңірлік саясат саласындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесін көрсетті.
2025-10-23 17:59