НУ ЖМСМ 2026 жылы өзінің 10-шы мерейтойлық халықаралық жыл сайынғы конференциясын өткізеді

Назарбаев Университетінің Жоғары Мемлекеттік Саясат Мектебі (NU GSPP) 2026 жылы өзінің 10-шы мерейтойлық халықаралық жыл сайынғы конференциясын өткізеді.

Біз басқару, билік және мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын зерттеушілерді, практиктерді және саясаткерлерді конференция тақырыбы аясында өтінім беруге шақырамыз: «Басқаруды қайта пайымдау: бөлшектенген әлемдегі билік, саясат және қоғамдық игілік».

Тақырыптық бағыттарға мемлекеттік басқару, мемлекеттік сектор реформасы, экономикалық саясат және даму, әлеуметтік саясат және адам капиталы, экологиялық саясат және климаттың өзгеруі, жасанды интеллектті басқару және технологиялық саясат, өңірлік саясат және басқа да бағыттар кіреді.

16–17 қазан, 2026 жыл
Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
Гибридті формат
Тезистерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 31 шілде, 2026 жыл

Қосымша ақпарат алу үшін Call for Proposals сілтемесіне өтіңіз.