Жоғары мемлекеттік саясатмектебінің профессоры және оның көмекшісі Канада марапатын алды.

333550

Доктор Салтанат Жаненова Жоғары мемлекеттік мектебінің түлегі Ильяс Есдаулетовпен бірге жазған «Мемлекеттік қызметтердің инновациялық реформалары: Қазақстан Канададан неүйрене алады?» мақаласына сыйлық алды. Ол мақала Қазақстанда дайындалып онда өткен «Канадалық модельдің Қазақстанда қолданылуы» Канада конференциясына арналған.

Аталмыш мақалада Қазақстан мен Канада екі елінде мемлекеттік қызметке инновациялық реформаларды енгізу талқыланады. Екі ел де жұртшылықтың орналасуы тығыз емес кең географиялық ендікте орналасқан. Ол үкіметтен билік органдарына бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуды талап етеді.

Мұнда ағымдағы Қазақстандағы саяси жағдайдың экономикалық қарым- қатынас және даму ұйымының стандарттарына сай болуын және Канада мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің реформаларының қандай жағдайда қалыптасуы мен жүргізілуін талдау маңызды.

Дегенмен де мемлекеттік қызметті модернизациялау саласындағы прогресс әртүрлі болу мүмкін.Қажетті саясатты жүргізген елдердің аталмыш проблеманы шешу кезінде пайда болатын ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау Қазақстан мен өтпелі экономикасы бар басқа елдердің іскер-мамандарымен академиялық ортадағы мамандарға пайдалы болуы мүмкін.

Гранд топтамасы- «Қылқан жапырақ» Канада сыйлығын, жол жүру стипендиясын, конференцияға баяндама ретінде берілетін мақаланы және жариялану мүмкіндігін қамтиды.

Профессор Питер Хауи өзінің «Канада провинциясы – Альбертаның әртараптандыру саясатынан Қазақстан не үйрене алады: проблема, іс және ұсыныстар» мақаласына екінші сыйлық алды.