Жоғары мемлекеттік саясат мектебі қатысуға қызығушылық танытқандардың барлығын 2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 18:30-да ZOOM-вебинарына шақырады!

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) қатысуға қызығушылық танытқандардың барлығын 2020 жылдың 30 сәуірінде 18:30-да ZOOM-вебинарына шақырады.
ЖМСМ вебинары сіз үшін ЖМСМ туралы, атап айтқанда MPP / MPA / PhD бағдарламалары, шетелдік компонент, халықаралық және мансаптық мүмкіндіктер және соңғы жаңалықтар туралы көбірек білуге, сұрақтарға жауап алуға тамаша мүмкіндік

Күні мен уақыты: 2020 жылдың 30 сәуірі (бейсенбі), 18:30.

Форматы: төменде берілген нысан бойынша алдын ала тіркеу бойынша ZOOM конференция.

ЖМСМ-ның магистратура бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеген.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Біз оқу ақысын толық өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жақсы болған жағдайда ай сайынғы стипендияны ұсынамыз.

Вебинар сізге мемлекеттік саясат және басқару саласындағы білімнің арқасында қандай артықшылықтарға ие болатыныңызды білуге мүмкіндік береді.

Тіркелу үшін төмендегі нысанды толтыруыңызды сұраймыз:

Байланыс деректері: gspp_admissions@nu.edu.kz; +7 7172 70-91-49

Бізбен бірге болыңыз және біздің Instagram және Facebook-дағы аккаунттарымызға жазылыңыз: @nugspp