2020 Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) ашық есіктер күні

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) барлық мүдделі талапкерлерді ЖМСМ бағдарламалары туралы ақпараттық сессияға 2020 жылғы 6 ақпанда шақырады.

Ашық есіктер күні – ЖМСМ-нің студенттерімен және оқытушыларымен сөйлесуге, кампусты көруге және ЖМСМ-де оқу туралы мәлімет алуға тамаша мүмкіндік.

Күні: бейсенбі, 2020 жылғы 6 ақпан, 19:30-21:00.

Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан, Назарбаев Университеті, C3 ғимараты, ЖМСМ/ЖБМ ғимараты, 1-қабат, 1.010.

Барлық бағдарламалар ЖМСМ-нің стратегиялық әріптесі – Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленді.

Біз сондай-ақ толық оқу ақысын өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда ай сайынғы стипендияны ұсынамыз. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Келіңіздер, мемлекеттік саясат және басқару саласында білім алудың арқасында қандай артықшылыққа ие болу туралы ақпарат аласыздар!

Тіркелу үшін төмендегі форманы толтырыңыз немесе QR-кодын қолдана аласыз.

Өзіңіздің достарыңызбен, әріптестеріңізбен және барлық мүдделі үміткерлермен ақпаратпен алмасуыңызды сұраймыз.

Instagram және Facebook-дағы аккаунттарымызға жазылыңыз: @nugsppp