ЖМСМ жаңа студенттерге есігін ашты

333558

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің жаңа студенттері 2018 жылғы 6 тамызда танысу курсынан өтті. Академиялық істер жөніндегі вице-проректор Лоретта О’Доннелл және ЖМСМ деканы Венг Тат Хуэй жаңа студенттерді құттықтап, алдағы оқу туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Лоретта О’Доннелл студенттердің Назарбаев Университетіне оқуға түсуі арқылы дұрыс таңдау жасағандарын атап өтті, бірақ студенттер «көп жұмыс істеулері керек». Сонымен қатар оқытушылар зерттеу жобалары туралы, сондай-ақ алдағы оқу туралы ақпаратпен бөлісті.

Келесі бірнеше күн ішінде студенттер жаңа оқу ортасына бейімделуге көмектесетін ақпараттық сессияларға қатысатын болады. Барлық студенттерді оқуға түсулерімен құттықтаймыз!