ЖМСМ 2020 жылдың 30 маусымында NU CAC, NU PCC және EY-мен бірге практикалық вебинар өткізді

ЖМСМ 2020 жылдың 30 маусымында NU CAC, NU PCC  және EY-мен бірлескен практикалық вебинар ұйымдастырды. Вебинарда еңбек нарығына шолу, күйзеліске қарсы практикалық құралдар, тұрақсыздық жағдайындағы бейімделу әдістері және симуляциялық EY сұхбаттасу сияқты тақырыптар қамтылды.

ЖМСМ менеджері Ажар Үмбетова вебинарға модератор болып, еңбек нарығына шолу және соңғы үрдістер туралы баяндама жасады. НУ Психологиялық консультация беру орталығының аға психологы Ольга Яковенко күйзелісті басқарудың практикалық құралдары туралы айтты. НУ Психологиялық консультация беру орталығының аға психологы Ерден Нұртаев белгісіз ортаға бейімделу әдістері туралы баяндама жасады. EY өкілдері Назима Жанұзақова мен Әлия Балықбаева симуляциялық сұхбат өткізді. Қоршаған ортаға және қазіргі кезде адамдар тек еңбек нарығында ғана емес, сонымен бірге жеке өмірлерінде де кездесетін проблемаларға қарамастан, күйзелісті басқару және бейімделу әдістері адамдарға психикалық денсаулығын қолдауға көмектеседі, бұл мансапта да, өмірде де табысқа және үйлесімділікке қол жеткізу үшін өте маңызды. Симуляциялық сұхбат және EY өкілдерінің қатысуы нақты сұхбаттасудың өтуіне және жұмыс берушіден соңғы жаңалықтарды алуға көмектесті.

Вебинарға қатысқандар – жақында оқу бітіргендер, студенттер және түлектер. Таныстырылымнан кейін қатысушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Біз түлектерімізге және студенттерімізге қазіргі әлемнің сынақтарын еңсеруге көмектесуге тырысамыз, сондықтан біз осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.