Тиімді мемлекеттік коммуникациялар стратегиясы

333558

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің тәжірибесін тарату аясында ЖМСМ сіздерді қоғамдық қатынастар бойынша бөлімдердің басшыларына, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда, барлық мүдделі мемлекеттік қызметшілерге арналған «Тиімді мемлекеттік коммуникациялар стратегиясы» тақырыбындағы дәріске қатысуға шақырады.  

Дәріс оқитын – Баскаран Наир, қазіргі уақытта НУ ЖМСМ-нің шақырылған профессоры және 2018 жылы Routledge компаниясы жариялаған «Мемлекеттік саясатта маркетинг» кітабының авторы. Басқаран Наир журналист болып жұмыс істеді, одан кейін 30 жылдан астам уақыт акционерлермен коммуникация, қоғамдық қатынастар және түрлі салалардағы маркетингтік коммуникация саласында, соның ішінде мемлекеттік секторда жұмыс істеді. Дәрістен кейін сіздер магистратура мен докторантура бағдарламалары туралы біле аласыздар. Іс-шара 2019 жылғы 29 наурызда Назарбаев Университетінде ағылшын тілінде орыс тіліне ілеспе аударумен өтеді. Іс-шараға қатысу тегін.

Тіркелу үшін сілтемені басыңыз 

Іс-шара сағат 12: 00 – 13: 30 аралығында өтеді. Қабанбай батыр даңғылы 53, Блок С3, 1 қабат, 1022 бөлме. Іс-шарадан кейін қатысушыларға кофе-брейк ұсынылады.