АСТАНАДА 30-ДАН АСТАМ ЕЛДІҢ ӨКІЛДЕРІ ПОСТКЕҢЕСТІК ЕУРАЗИЯДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

333558

5-6 қазанда Назарбаев Университетінде Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (НУ ЖМСМ) мен Астана мемлекеттік қызмет хабы «Посткеңестік Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи мәселелері» тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияға 30-дан астам елдің, соның ішінде, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Венгрия, Сингапур, Қытай, Нидерланды, Малайзия, Үндістан, Аустралия және т.б. елдердің зерттеушілері, сарапшылары және мемлекеттік қызметшілері қатысты.Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов конференцияны аша отырып: «Біздің өңір елдері әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірегей жолын мемлекет рөлін трансформациялау және мемлекеттік қызметтің өзіндік модельдерін дамытумен қатар өтті. Өткен жолды ой елегінен өткізу, жетістіктер мен мәселелерді талдау ғалымдар үшін де, мемлекеттік қызметшілер үшін де маңызды», – деп атап өтті.Өз кезегінде, НУ ЖМСМ деканы Вэнг Тат Хуэй былай деді: «Конференция 30-дан астам елдің зерттеушілері мен практиктарының басын қосқанына қуаныштымыз, олар бір-бірімен мемлекеттік басқару саласында білім мен тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, посткеңестік Еуразия елдерінің көшбасшыларына арналған дәлелді саясат қабылданады деп сенемін». Конференцияның ашылу салтанатында Орталық және Шығыс Еуропадағы мемлекеттік басқару мектептері мен институттар желісінің (NISPAcee) Президенті Георгий Хаджнал құттықтау сөз сөйледі.Конференция аясында мемлекеттік менеджмент, мемлекеттік қызметті реформалау, үкімет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестік және басқа да тақырыптар бойынша сессиялар өткізіліп, онда 60-тан астам баяндама жасалды. Конференцияға қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, білімі мен тәжірибесімен алмасып, әріптестік байланыстарын кеңейтті. Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі халықаралық конференция екінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы бас ұйымдастырушылармен қатар, Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі, Британ академиясы және Ольстер университеті де қолдау көрсетті.

GSPP CONFERENCE PROGRAM

International Journal of Civil Service Reform and Practice халықаралық журналының келесі нөмірінде конференцияға ұсынған сіздердің баяндамаларыңызды жариялауға ұсынуға қуаныштымыз.

Қоса беріліп отырған  құжаттамада жариялау шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар.

Сіз өзіңіздің жұмысыңызды онлайн жібере аласыз; тіркеу талап етіледі.

Журнал туралы қосымша ақпарат алу үшін редакцияға хабарласыңыз: journal.acsh@undp.org.