Өтінімдерді қабылдау 3 мамырға дейін созылды

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) өтінімдерді қабылдау мерзімі ү.ж. 3 мамырға дейін созылғанын хабарлайды.

NU GSPP мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат салаларында жоғары оқу орнынан кейінгі сапалы білім алу мүмкіндіктерін ұсынады. NU GSPP бағдарламаларына мемлекеттік саясат саласындағы магистратура (MPP), мемлекеттік басқару саласындағы магистратура (MPA) және мемлекеттік саясат саласындағы докторантура (PhD) кіреді.

NU GSPP магистрлік бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік басқару жөніндегі аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеді. Екі жылдық MPP бағдарламасы жұмыс тәжірибесі аз мамандарға, университет түлектеріне қолайлы. MPA бағдарламасы сапалы қосымша білім алғысы келетін жұмыс тәжірибесі бар мамандарға арналған. Бұл бағдарламаның басты артықшылығы – жұмыс пен оқуды біріктіру мүмкіндігі. Сабақтар жұмыстан тыс уақытта – жұмыс күндері кешкі уақытта және сенбі күндері өткізіледі. PhD бағдарламасы мемлекеттік саясаттың қолданбалы ғылымын дамытуға үлес қоса алатын жоғары білікті кандидаттарды тартуға бағытталған.

Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында мемлекет қаражаты есебінен жүргізіледі және үміткерлердің оқу грантын және магистранттар үшін ай сайын 162,500 теңге, докторанттар үшін 195,000 теңге көлемінде стипендия алуға мүмкіндігі бар. Магистратура бағдарламалары шеңберінде Сингапурда Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде 2 апталық оқу қарастырылған. Сонымен қатар, MPP бағдарламасы бойынша Сингапур, Оңтүстік Корея немесе Қытайдағы NU GSPP серіктес университеттерінің бірінде бір семестр бойы оқу мүмкіндігі көзделген.

Мектеп профессорлары АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Италия, Греция, Оңтүстік Корея, Пәкістан және Қазақстан елдерінен болады. Оқу ағылшын тілінде жүреді.

Өтінім беру үшін сілтемесі арқылы тіркелуіңізді сұраймыз. Оқуға түсу бойынша толық ақпаратты келесі байланыс деректері арқылы алуға болады:

email: gspp_admissions@nu.edu.kz
тел: +77172 709104