НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде магистрлік диссертацияларды қорғау бойынша конференция өтті

Ағымдағы ай мемлекеттік басқару магистрі (MPA) бағдарламасының екінші курс студенттері үшін оңайға түскен жоқ. Олар өткен аптада магистрлік жобаларын қорғап, өздерінің 1,5-жылдық оқу бағдарламасын аяқтауға жақындады.

Бұл ЖМСМ-ның 10-жылдық тарихындағы MPA бағдарламасының ең үлкені курсы болып табылады: курста 59 студент оқиды. Олардың сабағы COVID-19 пандемиясы кезінде басталды. Магистранттар 1-ші және 2-ші семестрді онлайн түрде оқыды, 3-ші семестр Hy-Flex форматында өтіп жүр.

Магистрлік диссертацияларды қорғау конференциясы да Hy-Flex форматында өтті. 6-7 қарашада өткен екі күндік конференция барысында 20 жоба қорғалды. Студенттердің көпшілігі қатысып, он беске жуығы желі арқылы қосылды. «Арамызда бұрын соңды өзара кездеспеген студенттер бар. Желі арқылы ұзақ қатынасып, енді кейбіреулерін алғаш рет кездесу қызық екен», – деді конференция барысында магистранттардың бірі.

Магистрлік диссертациялар электронды коммерция, киберқауіпсіздік, қолжетімді тұрғын үй, күн энергиясы, энергия қалдықтарын басқару, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, COVID-19 әсері, теңсіздік мәселелері, азаматтық белсенділік және осы секілді көптеген тақырыптарды қамтыды. Магистранттардің көбісі орта және жоғары лауазымды қызметкерлер, жұмыс тәжірибесі мол. Сондықтан олардың ұсынған жобалары қызық әрі практикалық тұрғыдан құнды болды.

Конференцияға қатысқан ЖМСМ факультетінің мүшелері диссертацияларға қатысты өз пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, магистрлік жобаны жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Ұсыныстардың көпшілігі жұмыс әдістемесіне, деректерді талдауға және гипотезалар құруға қатысты болды.

MPA бағдарламасының 2 курс студенті Михаил Асафов атап өткендей: «Магистрлік диссертацияларды қорғау конференциясы магистранттар үшін нағыз сынақ болды. Олар өздерінің шешендік өнерлерін көрсетіп, жетекші профессор-ғалымдармен зерттеулерін талқылады. Профессорлардан алынған кері байланыс зерттеу жұмысын академиялық стандарттарға сай жақсартуға мүмкіндік береді».

MPA студенттеріне магистрлік диссертацияларын сәтті тапсыруға тілеміз!

 

НУ ЖМСМ магистратура бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары мектеп болып табылады.

Мектептің миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады.