НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2017 ж. ЖМСМ диалогтар топтамасын іске қосты

333558

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 2017 жылғы 6 қазандағы бірінші кездесу шеңберінде Қазақстанның сыртқы саясаты туралы баяндама жасады. Ержан Ашықбаев 2013 жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, Ашықбаев мырза ағылшын, түрік және француз тілдерінде сөйлейді және оның Төтенше және екінші класты Өкілетті Елші атағы бар.

Ержан Ашықбаев өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясатының негіздері, Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара қарым-қатынасы, Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылатын ядролық қаруды таратпау саясатының рөлі және көпвекторлы саясаттың маңызы туралы айтып берді. Ержан Ашықбаев студенттердің терроризмге қарсы күреске, миграцияға, «жұмсақ күшті» пайдалануға, ядролық қалдықтарды сақтауға, БҰҰ ұйымдарындағы жұмысқа, сондай-ақ СІМ-де қызметке кіру процесіне байланысты көптеген сұрақтарына жауап қайтарды.

Іс-шаралар топтамасы ЖМСМ қоғамдастығына көшбасшылармен, жоғары лауазымды шенеуніктермен және қоғам қайраткерлерімен мәселелердің кең ауқымды бойынша бейресми жағдайда сұхбат құруға мүмкіндік береді. Іс-шаралардың форматы да сұрақтар қоюға, билік басында тұрғандардан себептерді, нақты жағдайды және саясатты әзірлеу кезінде саяси шектеулерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді.