НУ ЖМСМ вебинары: «Өсу модельдері, өсу режимдері және бюрократиялық автономия: Түркия мысалында»

ШОЛУ

Өсу үлгілерінің зерттеулері бюрократиялық институттардың рөлін елемейді. Спикерлер әлемдік қаржы дағдарысынан кейін Түркия мысалында авторитарлық режимнің қатерлері мен бюрократиялық автономияның ыдырауын талқылайды. Спикерлердің пікірінше, тәуелді қаржылық-экономикалық даму және несие арқылы өсу жағдайында жұмсақ ақша-несие және реттеу саясаты кері реакция туғызады. Үкіметтің ақша-несие және реттеу саясатына бақылауды күшейтуге ұмтылуы бюрократиялық автономияның бұзылуына және үкімет пен банк секторы арасындағы қарым-қатынастарына кері әсер әкеледі.

 

СПИКЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Фулиа Апайдын – Барселона халықаралық ғылыми-зерттеу институтының (IBEI) ассистент-профессоры, GLOBE зерттеу тобының мүшесі және FLAS зерттеу жобасының жетекшісі.

Мехмет Керем Чобан – Қадір Хас университетінің саясаттану және мемлекеттік басқару кафедрасының ассистент-профессоры, Лозанна университетінің LAGAPE зерттеу орталығының қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Сонымен қатар IBEI институтының FLAS жобасының қатысушысы.

 

ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

Zoom Webinar

9 қараша, 2021 жыл

18:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)