NU GSPP магистранты Бауыржан Құдайбергенов Президенттік жастар кадр резервіне кірді

Біз магистрант түлегіміз Бауыржан Құдайбергеновті Президенттік жастар кадр резервіне кіргенімен құттықтаймыз!

Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға 8638 өтінім алынды. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынды. Резервшілер тізіміне жеке сектордың 18 өкілі, квазимемлекеттік сектордың 13 өкілі және 19 мемлекеттік қызметкер кірді.

Бауыржан Құдайбергенов Мектебімізде Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) 1,5 жылдық бағдарламасы бойынша бідім алды. MPА бағдарламасының миссиясы – орта және жоғары буынның мамандарына өз білімдерін жұмыс тәжірибесінде одан әрі қолдану үшін академиялық және кәсіптік білім беру болып табылады. Бағдарламаның сабақ кестесі оқуды жұмыспен үйлестіруге мүмкіндік беретін кешкі және демалыс оқу форматында әзірленген.

Қазіргі уақытта NU GSPP магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін өтініштер қабылдауда. Оқуға түсу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.