NU GSPP келесі оқу жылының алдында соңғы Виртуалды ашық есік күнін өткізеді

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура мен докторантура бағдарламаларына түсуге өтініштер 18 сәуірге дейін қабылданады. Санаулы күндер қалды.

Қабылдау аяқталғанға дейін NU GSPP талапкерлермен тағы бір соңғы кездесу өткізеді. Ол онлайн форматында 14 сәуірде, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 19:30 өтеді. Оқуға түсу жайында сұрақтарыңыз болса, өтінімдіріңізді тапсырмастан бұрын осы соңғы мүмкіндікті пайдаланып алыңыздар.

Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.