NU GSPP-де 2 және 3 курс докторанттарының кандидаттық диссертацияларының презентациялары, сондай-ақ бітірушілер курсының докторлық диссертациясын қорғауы өтті

Өткен апта NU GSPP докторанттары үшін маңызды болды. 2 курс PhD докторанттары диссертация қорғау бойынша тезистерін ұсынды, 3 курс студенттері таңдаған тақырып аясында атқарған жұмыстары туралы баяндамаларын жасады, ал 4 курс PhD докторанттары қорытынды диссертацияларын қорғады.

Докторлық диссертацияны қорғау оңай емес, дегенмен бұл ғылыми зерттеудің нәтижелерімен бөлісудің бірден-бір мүмкіндігі. Қорғау кезінде докторантқа оның зерттеуіне қатысты сұрақтар қойылады, сол себепті, қорғау ісіне жақсылап дайындалған жөн.

2 курс докторанты Әсел Бекенова диссертация қорғау «үлкен зерттеудің алғашқы қадамы. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі профессорларының ұсыныстары әрбір докторантпен назарға алынды. Ал ұсынылған тақырыптар Қазақстан өзектілігін ескере отырып таңдалды. Менің ойымша, таңдалған теоретикалық негіз мен Қазақстанда сирек қолданылатын әдістеме тек ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып қана қоймай, нәтижелері Қазақстанның игілігіне жұмсалады деп үміттенемін. Әріптестеріме қиын ғылыми жолда шыдамдылық пен табандылық тілеймін!» – деп атап өтті.

NU GSPP 2017 жылы Мемлекеттік саясат саласындағы 4 жылдық PhD бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның мақсаттары:

Халықаралық деңгейдегі PhD бағдарламасын ұсыну, қолданбалы мемлекеттік саясатты дамытуға өз үлесін қосатын біліктілігі жоғары үміткерлерді тарту.

Мемлекеттік саясат саласында қолданбалы тәжірибесі бар түлектерді дайындау арқылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын дамытуға үлес қосу.

Білім беру мен зерттеу жүргізудің халықаралық стандарттары бойынша болашақ оқытушыларды дайындау арқылы Қазақстанда жоғары білім беру саласында орнықты дамуды қамтамасыз ету.

Біліктілігі жоғары зерттеушілерді дайындау арқылы Қазақстанның мемлекеттік секторында зерттеу базасын нығайту.

Орталық Азиядағы мемлекеттік саясат саласы тақырыбына арналған ғылыми жұмыстар тізімін докторанттардың/түлектердің басылымдарымен толықтыру.

ЖМСМ-нің зерттеулерімен және ғылыми жұмыстарымен белгілі Мектеп ретінде танымалдығын арттыру.

PhD бағдарламасына түсу ниетіңіз болса, бізбен хабарласыңыз: gspp_admissions@nu.edu.kz.