NU GSPP-де 2022 мектеп түлектерінің бітіру салтанатты іс-шарасы өтті

2022 жылы 10 маусымда Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде (NU GSPP) түлектердің бітіру салтанатты іс-шарасы өтті. Биыл NU GSPP мектебін 100 студент, соның ішінде мемлекеттік саясат бағдарламасы (Master of Public Policy) бойынша 37 студент, мемлекеттік басқару бағдарламасы (Master of Public Administration) бойынша 57 студент және докторантура бағдарламасы бойынша 6 студент бітіруде. Биылғы бітіретін курс – Мектептің 10-жылдық тарихындағы ең үлкені.

Соңғы екі жыл ішінде COVID-19 пандемиясы сабақ беру үрдісіне зор өзгерістер енгізді. Биыл бітіретін магистранттар 1-ші және 2-ші семестрді онлайн түрде оқып, 3-ші семестрді Hy-Flex форматында өткізіп, 4-ші семестрде  оқуын университетте жалғастырды. Докторанттар диссертациямен жұмыс барысында және ғылыми жұмыстары үшін ақпарат жинағанда бірқатар қиындықтарға тап болды.

Соңғы үш жылдан бері университет пен мектептер түлектердің бітіру салтанатты іс-шарасын онлайн режимде өткізіп жүрді. Соңғы жылдары Қазақстанның көрнекті қоғам және саяси қайраткерлерін түлектердің бітіру салтанатты іс-шарасына шақыру Мектебіміздің игі дәстүріне айналды. Биылғы іс-шараға Мектеп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты құрметті қонақ ретінде шақырды.

Палата Спикері биылғы түлектер еліміз үшін ең жауапты және маңызды кезеңде кәсіби маман атанып отырғандарына назар аударды. «Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның негізі қалайды. Онда әлеуметтік әділеттілік басты құндылық болып саналады. Бірінші кезекте, Жаңа Қазақстанды құратын біздің жастарымыз екені анық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Спикері бүгінгі конституциялық өзгерістер аясында мемлекеттік аппараттың жұмысын да қайта жандандырудың маңызды екенін айтты. «Қазір еліміздің алдында жаңа міндеттер тұр. Оның бәрі мемлекеттік аппараттан жаңа сапаны талап етеді. Президентіміз атап өткендей, бұл жерде мемлекеттік басқару моделін түбегейлі өзгерту мәселесі сөз болып отыр. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға арналған жүйелі жұмысты жалғастырған жөн», – деді Мәулен Әшімбаев. М. Әшімбаев сөзінің толық бейне жазбасын осы жерден көруге болады.

Түлектерді құттықтап, НУ президенті Шигео Катсу 2020 жылы наурызда басталған пандемия тек техникалық қиындықтарды ғана емес, ментальді күйзелістерді де тудырғанын атап өтті. Ол осы тұрақсыз (volatile),  белгісіз (uncertain), (complex) және түсініксіз (ambiguous) VUCA-әлемде мемлекеттік сектордағы реформалардың және жақында өткен референдумның маңыздылығын атап өтті. Президент Катсу 2015 жылдан бері университеттің барлық түлектеріне айтатын әйгілі «ABCDE HR» тілегін қайталады. Ол түлектерге А (ambitious) өршіл болуын, В (believe in their ambitions) өз амбицияларына сенімді болуын, С (commit to their dreams) армандарына жетуін, D (do something to pursue their dreams) сол үшін әрекет етуін, Е (enjoy and have fun) көңілді болуын, H (be humble and have a sense of humility) кішіпейіл болуын, R (respect others as they would like to be respected by others) өзгелердің құрметіне ие болу үшін өзгелерді сыйлауын тіледі.

Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (LKYSPP) атқарушы білім беру жөніндегі деканның орынбасары Франческо Манчини іс-шараның арнайы қонағы ретінде рәсімге қатысты. Д-р Манчини NU GSPP ашылғаннан бері LKYSPP оның серіктесі болғанын атап өтті. Ол түлектер оқуын бітірер кезде оларды алдағы барлық жолдар ашық деген сезім билейтінін атап өтті. Және осы сезімді есте сақтауын тіледі.

Дипломдар тапсырылған соң әр бағдарламаның түлегі сөз сөйледі. PhD түлегі Жанар Ашықбаева: «Назарбаев Университетінің әр жерден келген студенттерге беретін мүмкіндіктері зор. Мұнда қалыптасқан академиялық орта студенттер мен зерттеушілерге білім және тәжірибемен, ортақ қызығушылықтармен алмасуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

MPA бағдарламасының түлегі және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің аға жоба ассистенті Михаил Асафов: «Мен үшін NU GSPP-дегі оқудың пайдасы мол болды. Мемлекеттік басқару, көшбасшылық, экономика, этика, тіпті ұлттық бірегейлік мәселелерінің мемлекеттік саясаттың нақты тәсілдеріне қалай әсер ететінін терең түсіну маған Қазақстандағы саясаттың қалыптасуына мүлде жаңа қырынан және тиімді басқару призмасы арқылы қарауға мүмкіндік берді», – деді.

MPP бағдарламасының түлегі Бауыржан Тілеуметов мектептің оқытушы-профессорлар құрамына студенттерге берген білімдері мен құндылықтары үшін, сондай-ақ оқу процесінде көрсеткен қолдаулары үшін әкімшілікке алғысын білдірді.

В текущем году исполняется 10 лет с момента основания NU GSPP. Со дня своего открытия Школа поддерживает надежное стратегическое партнерство со Школой государственной политики Национального университета Сингапура «Ли Куан Ю».

Биыл NU GSPP мектебінің құрылғанына 10 жыл толды. Ашылған күннен бастап-ақ NU GSPP Сингапур ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық серіктестік орнатқан.

NU GSPP магистрлік бағдарламалары 2019 жылы Еуропалық мемлекеттік басқаруды аккредиттеу қауымдастығымен (EAPAA) аккредиттелген. NU GSPP жеті жылға EAPAA аккредитациясын алған Орталық Азиядағы жалғыз университет. Қазір NU GSPP мемлекеттік саясат және басқару саласындағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу бойынша танымал көшбасшы болып табылатын NASPAA жаһандық қауымдастығына аккредиттеу бойынша жұмыс істеп жатыр.

NU GSPP Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінен келген 300 түлек үшін альма-матер болғанын мақтан тұтады. Мектеп түлектері түрлі мамандықтардың өкілдері бола тұра мемлекет игілігіне мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторларда, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда қызмет етуде. Түлектердің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадр резервінің өкілдері де бар.