Қазақстан және Сингапурдың сарапшылары жаңа формацияның 50 көшбасшысын дайындайды

Қазақстан және Сингапурдың сарапшылары жаңа формацияның 50 көшбасшысын дайындайды

2020 жылдың 7 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі – НУ ЖМСМ), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі жүзеге асыратын «Жаңа формация көшбасшысы» бағдарламасының ресми онлайн ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Респбликасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.

«Біз бәріміз VUCA әлемінде өмір сүреміз, бұл дегеніміз неғұрлым құбылмалы, болжамсыз және белгісіз, күрделі және түсініксіз дегенді білдіреді. COVID-19 әлемі, сондай-ақ COVID-19-тан кейінгі болашақ көрінісі – бұл VUCA әлемінің шынымен жақсы мысалы. Сценарийлік жоспарлаумен танысу және болашақты ойлау, сондай-ақ халықпен және үкіметтегі әріптестерімен стратегиялық коммуникация құра білу, адамдарды біріктіру және түсіну үшін мінез-құлық түсініктері мен эмоционалды интеллектіні ілгерілету және дамыту өте маңызды – осының бәрі табысты жоспарлау мен іске асыру арасындағы айырмашылықты анықтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, нәтижелер маңызды. Осы курс арқылы сіз елге қызмет ету үшін жаңадан уәждеме мен міндеттеме алатыныңызға толық сенімдімін», – деп атап өтті Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу.

«Тренинг бағдарламасы  «Жаһандық көзқарас», «Тиімді коммуникациялар» және «Трансформациялық көшбасшылық» сияқты үш негізгі құзыреттіліктер топтамасцына бағытталған, олар тиісті салада кешенді саясатты әзірлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және басқа да жобаларды орындау барысын реттеу мен бағалаудың, мемлекеттік аппараттың инновациялық, нәтижеге бағытталу, икемділік және прагматикалық қағидаттары бойынша тиімді ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», – деді Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

«Жаңа формация басшысы» бағдарламасын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алғаш рет жариялаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев НУ ЖМСМ-ге Мемлекеттік басқару академиясымен бірге саяси басқарушылар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған тренингтер өткізуді тапсырды.

Вице-министрлермен, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім басшыларымен бірге Президент әкімшілігінің жас кадрлар резервінен де мамандар оқитынын атап өткен жөн.

10 апта ішінде жоғары буындағы саяси мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты әзірлеудіңзнегізгі салаларында олардың дағдыларын арттыруға бағытталған тренингтерден өтеді, мемлекеттік басқарудағы соңғы үрдістер мен инновациялармен, сценарийлік жоспарлау мен перспективалық ойлаумен, мемлекеттік саясат шешімдерін қабылдаудағы стратегиялық коммуникациялармен және мінез-құлық инсайттарымен танысады.

 

Анықтама үшін:

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ). Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) миссиясы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқыту болып табылады. 2012 жылы ашылған сәттен бастап ЖМСМ Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. ЖМСМ бағдарламалары мемлекеттік саясат саласындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласындағы магистратураны және, мемлекеттік саясат саласындағы докторантураны қамтиды. 2019 жылы НУ ЖМСМ Мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтың (EAPAA) ресми аккредиттеуінен өтті. www.gspp.nu.edu.kz

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2005 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды даярлау/қайта даярлау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. www.apa.kz 

БАҚ үшін байланыс:

Наргиз Даутова

Электрондық пошта: nargiz.dautova@nu.edu.kz

Тел: +7 701 521 84 59

Берлибай Акерке

Электрондық пошта: a.berlibay@apa.kz