Мансап

Біз миссиямыз бен мақсатымызды бөлісетін, сондай-ақ өзгерістер енгізіп, өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін үміткерлерді іздеудеміз. Егер Сіз мәдени ортаны, білім беру және кең ауқымды мансап мүмкіндіктерін іздесеңіз және академиялық әлемнің бір бөлігі болғыңыз келсе, ЖМСМ-ге жұмысқа тұру мүмкіндігін қарастырыңыз.

Оқытушылар құрамы үшін артықшылықтар:

  • Халықаралық нарықта бәсекелесуге қабілетті жалақы;
  • Жылына 56 күнге дейін демалыс;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін үйге жылына екі рет ұшу;
  • Халықаралық медициналық сақтандыру;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін орналастыру;
  • Тағайындалған адамның және оның отбасы мүшелерінің көшіру шығындарымен көмек көрсету, оның ішінде әуебилеттері;
  • ЛКЮ МСМ стратегиялық әріптестің аға әріптестерінің оқу және зерттеудегі тәлімгерлігі;
  • Профессорлардың алмасу бағдарламасы;
  • Алдын-ала зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру.

Әкімшілік қызметкерлер үшін артықшылықтар:

  • Бәсекелесуге қабілетті жалақы;
  • Жылына 30 күнге дейін демалыс;
  • Премиум медициналық сақтандыру;
  • Орналастыру мүмкіндігі *;
  • ЛКЮ МСМ стратегиялық әріптестің аға әріптестерінің тәлімгерлігі;
  • Оқыту және дамыту.

* Университетінің әкімшілік қызметкерлері үшін орналастыру іріктеу талаптары негізінде жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары

Профессор / қауымдастырылған профессор / Ассистент профессор

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) біздің халықаралық профессорлары қатарына қосылып, Қазақстан мен Орталық Азия аймағында жетекші мектеп болуды көздеген мақсатымызға үлес қосуға шақырады. Үміткерлер оқу бағдарламаларын әзірлеу, инновациялық педагогика және халықаралық стипендиясына үлес қосу үшін қажетті оқу, ғылыми-зерттеу және мемлекеттік саясатта тәжірибесі болуы керек. Қоғамдық сектор ұйымдарымен жұмыс, халықаралық ұйымдармен консультациялық іс-əрекет пен Азияда тиісті білім беру және оқыту дамытуда озық тәжірибе тиімді артықшылық болып табылады.

Өтінімдер, атап айтқанда, келесі салаларда ғылыми-зерттеу және оқыту тәжірибесі бар кандидаттар арасынан қабылданады:

  • Халықаралық экономикалық және қаржы саясаты
  • Макроэкономикалық саясат
  • Мемлекеттік саяси талдау
  • Денсаулық сақтау саясаты және басқару
  • Мемлекеттік саясат мемлекеттік басқару, экономика, саясаттану немесе мемлекеттік саясатқа байланысты пән бойынша доктор дәрежесі
  • Академиялық оқу және зерттеудегі тиісті тәжірибе: профессор – профессор ретінде кем дегенде 2 жыл немесе қауымдастырылған профессор ретінде 5 жыл; қауымдастырылған профессор – қауымдастырылған профессор ретінде 2 жыл немесе ассистент-профессор ретінде кем дегенде 5 жыл
  • Халықаралық ғылыми-зерттеу профиль – саясатқа байланысты тақырыптар бойынша халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланымдары жарық көрген; бәсекелестік қаржыландыруды тартуда табысқа жету; тиісті оқу / кәсіптік бірлестіктерден марапаттар мен сыйлықтар.

Назарбаев Университеті туралы мәлімет

Назарбаев Университеті (НУ) – Астана, Қазақстан қаласында орналасқан бүкіл әлемнің басқа да жетекші серіктес ЖОО-ның қолдауымен құрылған батыс стиліндегі жаңа ағылшын тілді институт. НУ халықаралық әріптестері Висконсин-Мэдисон, Кембридж университетінің, Лондон Колледж Университеті мен Сингапур ұлттық университетін, соның ішінде әлемнің ең үздік 30 жоғары оқу орындарының алтауын қамтиды. Университет халықаралық серіктестермен әзірлеген қатаң стандарттарды ұстанып, аймақтың үздік студенттерін ғана қабылдайды. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2013 жылы өзінің алғашқы студенттерін қарсы алды. Мектептің әріптес мектебі Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі болып табылады.

Жұмыс шарттары:

Тағайындалу 3-жылдық жаңартылатын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады және жыл сайын қайта қарауға жатады. Тартымды ақылы пакет мыналарды қамтиды:

  • Халықаралық нарықта бәсекелесуге қабілетті жалақы;
  • Жылына 56 күнге дейін демалыс;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін үйге жылына екі рет ұшу;
  • Халықаралық медициналық сақтандыру;
  • Тағайындалған адам және оның отбасы мүшелері үшін орналастыру;
  • Тағайындалған адамның және оның отбасы мүшелерінің көшіру шығындарымен көмек көрсету,оның ішінде әуебилеттер.

Өтініш беру тәртібі

Үміткерлер электронды нысанда (MS Word или PDF) келесі құжаттарды nugspp_hiring@nu.edu.kz поштасына жіберуі қажет:

  • Ұстаным-өтініш
  • Толық түйіндеме
  • Ұсынымхат беруші тұлғалардың аты мен байланыс деректері
  • Оқыту тәжірибесі, сондай-ақ оқыту бағасы бойынша ақпарат
  • Курстардың шамамен мысалдары
  • Бұрынғы және қазіргі зерттеудің қысқаша сипаттамасы


ИНСТРУКТОР (ЖМСМ)

Назарбаев Университеті туралы мәлімет

Назарбаев Университеті (НУ) – Астана, Қазақстан қаласында орналасқан бүкіл әлемнің басқа да жетекші серіктес ЖОО-ның қолдауымен құрылған батыс стиліндегі жаңа ағылшын тілді институт. НУ халықаралық әріптестері Висконсин-Мэдисон, Кембридж университетінің, Лондон Колледж Университеті мен Сингапур ұлттық университетін, соның ішінде әлемнің ең үздік 30 жоғары оқу орындарының алтауын қамтиды. Университет халықаралық серіктестермен әзірлеген қатаң стандарттарды ұстанып, аймақтың үздік студенттерін ғана қабылдайды. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2013 жылы өзінің алғашқы студенттерін қарсы алды. Мектептің әріптес мектебі Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі болып табылады.

Бағдарламаларды үйлестіру

«Мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығулар»/«Диплом жұмыстарын дайындау» бағдарламалары мақсаттарының шеңберінде үйлестіруді және академиялық үлгерімді бақылау. Вице-деканның сұратуы бойынша бағдарламаларға қатысты есептер мен ақпараттар дайындау. Тиімділігін арттыру үшін «Мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығулар»/«Диплом жұмыстарын дайындау» оқу жоспары мен білім беру стратегиясын жыл сайын бағалау.

Оқу семинарларын ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру және ілгерілету, студенттерді шетелдерде күтіп ұстау, кері байланыс бойынша сабақтар, «Мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығулар»/«Диплом жұмыстарын жазу» шеңберіндегі кездесулер, конференциялар, таныстырылымдар және оқуды бітіру іс-шаралары.

Академиялық кеңейту

Жұмыс күндері, кешкі уақытта және демалыс күндері магистратура және докторантура студенттерін кафедра деңгейінде жеке және шағын топтарда бағдарламалар бойынша ағылшын тілінде оқу, жазу академиялық дағдылар бойынша консультациялар беру және оқыту үшін жоспарланған және жоспарланбаған сабақтар өткізу. Жазу/қарым-қатынас дағдыларына қатысты білім алушылардың жеке қабілеттерін бағалау және қарау, ал одан әрі қажет болған жағдайларда курстың студенттерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен жұмыс істеу.

Оқуға алу үрдісін, студенттердің қанағаттануын және студенттердің оқу, жазумен байланысты және академиялық табысты қамтамасыз ету үшін ауызша ұсынуын бағалау және талдау. Қажеттіліктер мен қазіргі ресурстар және қызмет көрсетулер арасындағы олқылықтарды анықтау; студентерді академиялық және әкімшілік шешімдермен байланыстыратын шығармашылық және тиімді шешімдер құру үшін ЖМСМ басшылығымен және НУ ресурстарымен жұмыс істеу (НУ-дың дипломдар жазу орталығын қоса алғанда).

НУ кітапхана қызметімен ЖМСМ-нің байланыс буыны ретінде жұмыс істеу және білім алушылардың ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және ЖМСМ-де білім берудің барлық процесі бойынша деректерді, журналдарды, объектілерді, НУ мамандарын пайдалану.

Ағылшын тілі саласындағы білімдерге негіздей отырып, Академиялық мақсаттар мен андрагогика үшін оқу курсын/бағдарламаны әзірлеуді талдау жолымен жазу мәдениетін дамытуға көмектесу және тәжірибелік білім беруді және жобалар мен олардың мазмұнына негізделген білім беруді пайдаланып білім берудің тұтастығын және іс-шаралар мен тапсырмалардың интеграциясын, сондай-ақ әдістемелік дайындықты қамтамасыз ету үшін оқытушы-профессорлар құрамымен ынтымақтасу, бұл тұтастай алғанда, студенттердің көрсеткіштері жоғары оқырмандар және жазушылар ретінде одан әрі өсуіне ықпалын тигізетін болады. Курстың оқытушыларға арналған қосымша материалдарын әзірлеу және осындай материалдарды әріптестермен бірлесіп пайдалану, бұл өзінде оқу бағдарламасын кеңейтудің тиімділігін әзірлеу және бағалау кезінде пайдасын тигізетін деректерді жинауды, ұйымдастыру мен талдауды қамтиды.

Институционалдық өзара іс-қимыл

Студенттік іс-шаралар, оқу көмекші құралдары, анықтамалықтар, оқытушыларға арналған анықтамалық материалдар және т.б. сияқты оқу материалдарын дайындау және редакциялау. Сыртқы аудиториялар үшін кафедра жарияланымдарын дайындауға және редакциялауға көмектесу. Веб-сайт, ақпараттық, ахуалдық материалды, жарияланымдар және оқиғалар сипаттамаларының мазмұны туралы материалдар әзірлеуге көмектесу. Оқытушы-профессорлар құрамы курсының материалдарын және қажет болған жағдайда, жарияланымдар жобаларын түзетуге қатысу.

Консультанттармен және оқытушы-профессорлар құрамының әкімшілік персоналымен бірлесіп жаңа студенттердің бағдарын және оқуын жалғастырып жатқан студенттерді қайтару бойынша іс-шаралар әзірлеу, ұйымдастыру және реттеу.

Жаңа оқытушыларды дамыту, үйлестіру және жұмыспен таныстыру, оларды кафедра бағдарламаларына, комитеттерге, тәртіпке, ресурстарға «Мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығулар»/«Диплом жұмыстарын дайындау» бағдарламаларының мақсаттарына және т.б. бейімдеу.

Деканның басшылығымен және әкімшілік персоналмен бірлесіп кафедраның шетелдегі білім берудің стратегиялық мақсаттарын үйлестіру, бағдарламалар, логистикалар, бағалау, талдау және есептілік әзірлеу.
ЖМСМ-нің оқуды аяқтау, мерекелік іс-шаралар, студенттер командасын құру («тимбилдинг»), ашық есік күні және студенттер жинау, ақпараттық-ағарту қызметі, бос орын/ЖОО жәрмеңкелері, басшы қызметкерлерді оқыту сияқты қызметті және сұрау бойынша қызметтің басқа да түрлерін ұйымдастыруға көмектесу.

Қажет болса, кафедра мен университеттің комитеттеріне мүше болу.

Үміткерлер электронды нысанда (MS Word или PDF) келесі құжаттарды nugspp_hiring@nu.edu.kz поштасына жіберуі қажет:

  • Ілеспе хат
  • Толық түйіндеме
  • Үш ұсынымхат берушілердің аты мен байланыс деректері
  • Бұрынғы және қазіргі зерттеудің қысқаша сипаттамасы

Бос жұмыс орындары лайықты үміткерлер іріктелгенге дейін ашық болады. Тек сәтті үміткерлер хабарландырады. Қызығушылық білдіретін талапкерлер Мектеп сайтынан ЖМСМ қызметімен танысқаны абзал: https://gspp.nu.edu.kz/

Толық ақпаратты Ағайдаров Ерланнан (yerlan.agaidarov@nu.edu.kz) біле аласыз.