Майкл Ващак

kanat

Майкл Ващак

Лауазымы: Ассистент профессор (адъюнкт)
Білімі: PhD., Мемлекеттік саясат, 2009, Джорджия Технологиялық институты, Атланта (АҚШ)

Ғылыми қызығушылығы

Тұрақты даму, энергетика және қоршаған орта, қала құрылысы, зерттеу әдістері

Байланыс ақпараты

Майкл Ващак
Ассистент профессор (адъюнкт)
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Назарбаев Университеті
Каб. 4.006
53 Қабанбай батыр даңғ.
Астана, Қазақстан 010000
Тел.: +7 7172 70 93 92
Email: michael.waschak@nu.edu.kz

Майкл Ващак
Ассистент профессор
PhD., Мемлекеттік саясат, 2009, Джорджия Технологиялық институты, Атланта (АҚШ)
Доктор Ващак 2009 жылы АҚШ-тың Атлантадағы Джорджия технологиялық институтында мемлекеттік саясат саласында докторлық дәрежеге ие болды. Сонымен қатар оның мемлекеттік басқару саласындағы (MPA), сондай-ақ қалалық және аймақтық жоспарлау (МСР) саласындағы магистр дәрежесі бар. Назарбаев Университетіне ол 2017 жылы қосылды. Оның зерттеулері қоғам мен жергілікті саясат мәселелерін шешуге бағытталған тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударады. Бұрын ол білім беру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ірі ұлттық бағдарламаларды бағалауға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Назарбаев Университетіне келгенге дейін доктор Ващак Рочестердегі (Нью-Йорк) Рочестер технологиялық институтында (РТИ) және Косоводағы Приштина RIT кампусында сегіз жыл жұмыс істеді. Косоводағы RIT кампусында Ващак Энергия ресурстары және табиғи ресурстар орталығының директоры қызметін атқарды. Доктор Ващак университет, Косоводағы мемлекеттік мекемелер, саябақ директоры мен Ұлттық орманның (Sharr Mountain National Forest) персоналы, сондай-ақ тұрақты экологиялық саясатты әзірлеу жөніндегі жергілікті қауымдастықтың мүшелері арасындағы әріптестікті дамытуға тырысты. Сонымен қатар, доктор Ващак және оның студенттері бірнеше жыл бойы Sharr Mountain-ның орман ресурстарының биотүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұл жұмыс жергілікті қауымдастық, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (UNFAO) және Косово үкіметі (Қоршаған орта және аумақтық жоспарлау министрлігі) үшін жүргізілді.