Күзгі семестрдің басталуымен құттықтаймыз!

NU GSPP-де күзгі семестр тамыз айының ортасында басталып, желтоқсанның басына дейін созылады. Биыл Жоғары мектеп 37 MPP студентін (10-шы қабылдау), 30 MPA студентін (9-шы қабылдау) және 13 PhD докторантын (6-шы қабылдау) қабылдады. Сонымен қатар Қытай, Венгрия, Нигерия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан тоғыз шетелдік студент қабылданды.

Жаңа студенттер алдында сөз сөйлеп, декан Вэнг Тат Хуэй оларды Орталық Азиядағы ең үздік мемлекеттік саясат мектебіне түскендерімен құттықтады. Сонымен қатар, Мектеп магистратура бағдарламалары Еуропалық мемлекеттік басқаруды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредитациясынан өткенін атап өтті. Декан студенттердің НУ-ға диплом не атақ үшін емес, «тиісті басқару маңызды» деген Мектеп қауымдастығының ұстанымымен ортақтас болғаны үшін келгеніне үміт білдірді.

Бағдар беру апталығында 1 курс MPP, MPA және PhD студенттері Мектеп және Университет бағдарламаларының талаптары мен модульдерімен танысты. Олар өздерінің бағдарлама үйлестірушілерімен және менеджерлерімен, факультет оқытушыларымен, NU GSPP пәндік кітапханашысымен (Елизавета Камилова), студенттер кеңесінің төрағасымен (Мохаммад Хабиб Абдулла), түлектер қауымдастығы өкілімен (Ерсін Әнуарбек), және мектеп түлектерімен кездесті.

Түлектер өз кезегінде оқу тәжірибелерімен бөлісіп, жаңадан келген студенттерге кеңестерін берді. Темірлан Ерғазиев (MPP 2020) басынан бастап тыңғылықты оқуды, дәрістерге алдын ала дайындалуды және дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға байыппен қарауды ұсынды. Михаил Асафов (MPA 2022) нетворкинг маңыздылығын атап өтті: ол өзге студенттермен танысуға, бір-бірін жақсырақ білуге, өзара қолдау көрсетуге және бір-бірін ынталандыруға кеңес берді. Анара Мақатова (PhD докторанты 2022) бәрі мүмкін екенін ұмытпауға және университет ұсынып отырған барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

NU GSPP ұжымы атынан NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамын, студенттерді және барша қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Ол жаңа белестер мен жетістіктер әкелсін.