Эдуардо Арарал

Лауазымы: Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мектебінің қауымдастырылған профессоры және вице-деканы 

Білімі:

Мемлекеттік саясат саласындағы PhD (Блумингтондағы Индиана университеті)

Ғылыми қызығушылығы

Климаттың өзгеруі, орталықсыздандыру және федерализм, реттеу саясаты, тұрақты даму, суды басқару және саясат.

Байланыс ақпарат:

Эдуардо Арарал
469B Bukit Timah Road
02-09 кабинет
2 қабат, Li Ka Shing Building
Сингапур 259771
Тел.: +65 6516 4220
Факс: +65 6778 1020
Email: sppaej@nus.edu.sg 

Доктор Эдуардо Арарал Эдуардо теорияшыл және тәжірибешіл болып табылады. Теорияшыл ретінде ол ұжымдық іс-әрекет және Қауымдар палатасын басқару институттарының себеп-салдарын зерттеуге мамандандырылған.
 
Ол 20 журнал мен 17 басқа басылымдарда жарияланған және 40 конференцияда сөз сөйлеген. Эдуардо 12 награда мен құрметтер иегері, соның ішінде 3 Нобель лауреаты (экономика) зерттеу орталықтары стипендиясының, «Қауымдар палатасын басқару» үшін Остром Премиясының иегері және Фулбрайт стипендиясы бойынша PhD дәрежесінің берілуі, АҚШ-тың ұлттық ғылым қорының грант иегері, институционалдық талдау саласындағы ең жақсы диссертация бойынша марапаттың финалисті және Суэц каналының су мәселесі бойынша марапатының финалисті болған.
 
Оның жұмысынан СҰУ (Сингапур Ұлттық Университеті) президенті білімді тереңдететін және қоғамның маңызды мәселелерін шешуге көмектесетін зерттеудің мысалы ретінде үзінді келтірген. ЛКЮ мектебінде ол мемелекеттік саясат, мемлекеттік басқару, мемлекеттік менеджмент саласында магистранттарға 8 негізгі курс және докторанттарға мемлекеттік менеджмент, мемлекеттік қаржы, зерттеу әдістері, саясатты талдау мен бағдарламаларды бағалау, институционалдық талдау мен мемлекеттік саясат және талдауға кіріспе саласында өтеді. Сонымен қатар ол саясат теориясы мен талдауы бойынша Остром семинарының, Коуз Институнының, ЛКЮ мектебінің Су Саясаты Институтының шақырылған оқытушы және Париж-Сорбонна Университетінің шақырылған зерттеушісі болып табылады.
 
Тәжірибешіл ретінде Эдуардоның үкіметке кеңес беру қызметін көрсетуде және басқарушы буындағы менеджерлерді үйретуде тәжірибесі мол. Ол Қазақстан Республикасының экономикалық даму мәселесі бойынша Премьер-Министр орынбасарының стратегиялық кеңесшісі, сонымен қатар Вьетнам үкіметінің мемлекеттік басқару реформасы бойынша кеңесшісі ретінде жұмыс атқарды. Осыған қоса, Эдуардо Азия даму банкіне, Дүниежүзілік банкіне, БҰҰ-ның даму бағдарламасына, жергілікті өкімет органдары мен үкіметтік емес мекемелерге арналған 18 консалтингтік жобаларына қатысқан. Ол 27 Азия елдерінен министрлерді, жауапты хатшыларды, директорларды, қала әкімдерін, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін, ұлтаралық компания басшыларын және әскери офицерлерді қоса алғанда, 3000-нан аса мемлекеттік кызметшілерге арналған 115 басқарушы буынды оқыту бағдарламасында дәрістер оқыды. Эдуардо 7 жыл аралығында Азия даму банкінің Филиппиндағы кедейшілік деңгейін төмендету жобасының қызметкері/менеджері ретінде 120-ға жуық жобаларды жүзеге асырды.
 
Оның қызмет тізіміне ЛКЮ мектебіндегі академиялық мәселелерге жауапты Декан ассистенті ретіндегі қызметі, бірнеше оқытушылық комитеттердегі төрағалығы, СҰУ (Сингапур Ұлттық Университеті) Сенатындағы оқытушы-профессорлар құрамының, білім саясаты комитетінің және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселесі бойынша кеңестің өкілділігі кіреді. Қазіргі уақытта ол ЛКЮ мектебінің Жоғары буын басшыларын оқыту бағдарламасының кеңесшісі және Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің үйлестірушісі болып табылады. Сонымен бірге ол 3 редколлегия мүшесі, «Journal of Public Administration Research and Theory» және «Public Management Research Association» қосқанда, 18 журналға рецензент ретінде әрі жергілікті және халықаралық БАҚ кеңесшісі болып табылады. Эдуардо мемлекеттік саясат саласында Блумингтондағы Индиана Университетінде Фулбрайт стипендиясы бойынша докторлық дәреже алды, оның жетекшісі Элинор Остром (Нобель премиясының лауреаты, 2009) болған.