Спикерлер

Колин Нокс

Лауазымы: Профессор және деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы
Білімі: Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы, 1989 ж. Король университеті, Белфаст (Ұлыбритания)

Доктор Нокс Назарбаев Университетіне келместен бұрын Біріккен Корльдіктегі Ольстер университетінде жұмыс жасады. Ол онда магистратурада мемлекетті басқару пәндерінен (мемлекеттік әкімшілік және басқару, мемлекеттік саясат аясында заманауи проблемаларды зерттеудің тәсілдері) сабақ берді.Ғалым мемлекеттік секторда жұмыс жасайтын жоғары лауазымды тұлғалар үшін кәсіби докторлық дайындық бағдарламасын жасаған команданы алып келді.К. Нокс ғылыми жұмыспен шұғылданбастан бұрын Ұлыбританиядағы жергілікті өзін өзі басқару органдарында 8 жыл жұмыс жасады.

   

Рикардо Пелиццо

Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
Алдағы өткен тәжірибесі: Саясаттану саласындағы PhD. 2004, Джонc Хопкинс Университеті
Ғылыми қызығушылығы: Саяси даму, тиімді басқару, заңнамалық зерттеулер және сыбайлас жемқорлықпен күрес

2005 жылдан 2010 жылға дейін Профессор Пелиццо «Asia of Politics and Policy»-дің ассоциативті редакторы болып жұмыс істеді. Ол бірнеше стипендиялардың, конкурстық гранттармен сыйлықақылардың лауреаты. Сонымен қатар, 3 томды редакциялаумен қоса, Профессор Пелиццо 7 монографияның және 50-тан астам рецензиялы мақалалардың авторы. Оның зерттеулері 11 тілге (араб, индонезиялық, қытай, ағылшын, француз, неміс, итальян, орыс, испан, қазақ және вьетнам) аударылған.
Зерттеулер жүргізумен қатар, ол жиырма үш мемлекетте академиялық және академиялық емес аудиторияларды тарта отырып, конституция дайындаушыларына, институционалды реформалар жүргізіп, заң органдарына сараптамалық баға берді.

   

Питер Хауи

Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
Білімі: Минералды ресурстар экономикасы ғылымдарының докторы. 2002, Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ)
Ғылыми қызығушылығы: Энергетика және даму мәселелері, минералды ресурстар саясаты, зерттеу әдістері

Питердің зерттеу қызығушылығы электр қуаты мен экономикасы дамыған және ауыспалы экономикасы бар елдердің дамуы жөніндегі мәселелерді қамтиды. Оның соңғы зерттеулерінде мысал ретінде Қазақстан зерделенуде. Профессор Хауи бірнеше мақалалар жариялаған, соның ішінде «An Application of a Stated Preference Method to Value Urban Amenities,” «Қазақстандағы аймақтық даму» «Қазақстандағы электр қуатының қажеттілігі» және «Минералды саланың қажеттіліктері: Теория тәжірибеде». Профессор Хауи «Қазақстандағы электр қуатына деген сұраныс» тақырыбынағы зерттеулері үшін Экономикалық білім беру және зерттеулер Консорциумның (Мәскеу) грантына ие болды және Ресей, Украина, АҚШ және Канададағы халықаралық конференцияларда өзінің зерттеулерінің нәтижелерін жария етті.

   

Омер Ф. Барыш

Лауазымы: Ассистент профессор (Экономика)
Алдағы өткен тәжірибесі: Экономика саласындағы PhD. 2012, Джорджия штатының Университеті (АҚШ)

Бұған дейін Др. Барыш Джорджия технологиялар институтының мемлекеттік саясат бөлімінде және Джорджия штаты Университетінің экономика бөлімінде сабақ берген. Аталған екі университет те Атлантада, Джорджия, АҚШ-та орналасқан. Ол бакалаврлар мен магистранттарға ойындар теориясы, микроэкономиялық теория, мемлекеттік саясатқа арналған микроэкономика, қолданбалы саяси экономика және экономика, философия және мемлекеттік саясат сияқты пәндерді оқытқан.

   

Дина Шәріпова

Лауазымы: Ассистент профессор 
Білімі: Саяси ғылымдарының докторы, Индиана университеті, Блумингтон, АҚШ, 2013 ж.

Доктор Шәріпованың ғылыми қызығушылығы Орталық Азиядағы жеке басын анықтау саясатын және әлеуметтік капиталды, формалды және бейресми институттардың, мемлекеттіліктің қалыптастуын қамтиды. Оның соңғы еңбектерінің бірі – 2018 жылы Lexington Books баспасынан шыққан «Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы: бейресми институттардың сабақтастығы және қайта құрылуы» кітабы. Сонымен қатар, «Ұлтшылдық және этникалық саясат», «Орталық Азияға шолу», «Орталық Азия оқиғалары», «Ұлттар туралы құжат» және т.б. сияқты ғылыми журналдарда бірқатар мақалалары жарияланған.

   

Симеон Нановски

Лауазымы: Постдокторант
Білімі: Экономика ғылымдарының докторы, 1987, Стэнфорд университеті (АҚШ)

Доктор Симеон Нановски Кентукки Университетінде экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Доктор Нановскидің ғылыми қызығушылығы халықаралық экономика мен макроэкономиканы қамтиды. Назарбаев Университетіне дейін Семен Нановски Солтүстік Флорида университетінде шақырылған профессордың ассистенті ретінде сабақ берді.

   

Қанат Абдулла

Лауазымы: Постдокторант
Білімі: Чапельдегі Солтүстік Каролина Университетінің экономика ғылымдарының кандидаты

Зерттеу аймағы: Адами капитал, Макроэкономика

Қанат Абдулла Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне пост-докторант ретінде 2019 жылы қосылды. Доктор Қанат Абдулла 2018 жылы Чапел-Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінде экономика бойынша бес жылдық PhD бағдарламасын оқып бітірді. Доктор Абдулланың ғылыми қызығушылықтары адами капитал және макроэкономика. Назарбаев Университетіне келгенге дейін Қанат Абдулла мемлекеттік секторда жұмыс істеген.

   

Kaй Хон Фуа

Лауазымы: Шақырылған профессор
Білімі: Гарвард университетінің PhD (LSE), SM, AB үздік дипломы.

Доктор Хуа Кай Хон Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің профессоры, ол онда жаһандық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау экономикасы мен қаржыландыру, ұлттың қартаюы және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша лекция оқыды. Ол бұған дейін әр жылдары доцент және денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, медицина факультетінің Қоғамдық, кәсіби және отбасылық медицина департаменінің денсаулық сақтау жөнінідегі зерттеулер бөлімінің басшысы болды, сондай-ақ Сингапурда Саяси зерттеулер институтында аға ғылыми қызметкер болды. Ол Гарвард университетін үздік бітірді және Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің және оның Экономика және саяси ғылымдар Лондон мектебінің бакалавр дәрежесі бар. Бұрын ол Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау жүйесі басқармасында, АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді.

   

Стефанос Ксенариос

Лауазымы: Қауымдастырылған профессор
Білімі: табиғатты пайдалану экономикасы саласындағы Ph.D, 2007, «Пантеон» Әлеуметтік және саяси ғылымдар университеті (Греция)

Стефанос Ксенариос Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне 2018 жылы қосылды. Ол су ресурстары мен климаттың өзгеруі саласындағы  мамандық бойынша экономист-эколог болып табылады. Стефанос Ксенариос доктор дәрежесін алған соң  Халықаралық су ресурстарын басқару  басқармасында (IWMI) маман ретінде  Индия мен Эфиопияда 3 жыл жұмыс істеді. Нәтижесінде Стефанос Ксенариос Оңтүстік Азияда климаттың өзгеруі мен ауылшаруашылығы саласында Норвегияның био-экономика институтының (НБЭИ) базасында  зерттеулер жүргізді,   сондай-ақ  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ)  Бюросы жанында Тәжікстанда сумен жабдықтау және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Назарбаев Университетіне келгенге дейін  Стефанос Ксенариос Орталық Азиядағы Университеттің бас ғылыми қызметкері болды, аймақтағы су, энергетикалық, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау салаларында өзара іс-қимылды басқарды. Стефанос Ксенариос Орталық Азиядағы су ресурстары саласындағы зерттеулердің (CAJWR) бас редакторы, сондай-ақ су ресурстарының статистикасы мен экономикасы  бойынша халықаралық топтың мүшесі  болып табылады.

   

Жәнібек Арынов

Лауазымы: Постдокторант
Білімі: Ph.D., Халықаралық қатынастар, 2019, Сент-Эндрюс Университеті, Ұлыбритания; MA, Халықаралық қатынастар, 2014, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан 

Жәнібек Арынов Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде 2019 жылдың шілдесінен бастап қызмет атқарады. Ұлыбританиядағы Сент-Эндрюс университетінде халықаралық қатынастар саласында философия докторы дәрежесін алған. Ғылыми қызығушылық аймақтарына Орталық Азиядағы геосаясат және қауіпсіздік, Еуропалық Одақ – Орталық Азия қарым-қатынастары; халықаралық сәйкестік, имидж және қабылдау жайлы зерттеулер секілді тақырыптар кіреді. Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне дейін, Жәнібек Арынов Нұр-Сұлтан (Астана) қаласындағы Әлемдік экономика және саясат институтының Еуразиялық зерттеу бағдарламасында қызмет атқарды.

   

Ифтикхар Лодхи

Лауазымы: Ассистент профессор
Білімі: Мемлекеттік саясат саласында философия докторы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур Ұлттық университеті

Мемлекеттік саясат саласында философия докторы, Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур Ұлттық университеті.
Доктор Ифтихар Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне профессор ассистенті ретінде 2016жылы орналасты. Оның алдында ол Мәскеу (Ресей) экономика Жоғарғы мектебінде ұлттық зерттеу университетінде доцент қызметін атқарды. Оның зерттеу облыстары болып мемлекеттік саясат (теория, талдау және бағалау), сапалық және сандық зерттеу тәсілдері, халықаралық және салыстырмалы мемлекеттік саясат, халықаралық қатынастар мен институттар, энергетикалық қауіпсіздік және климаттың өзгеруі, саяси тәуекелді талдау.

   

Су форумы спикерлері
 

 

Эд Смитс

Эд Смитс су саласында 30 жыл жұмыс істеген су маманы. Алдымен ол Лимбургтегі Water Utility-нің қаржы менеджері болды, содан кейін ол қаржы, ақпараттық технологиялар, клиенттер, сатып алу, логистика, адами ресурстар және т.б. мәселелер бойынша қаржы директоры, ал кейін бас директордың міндетін атқарушысы болды. Осыдан кейін ол өзінің жеке консалтинг компаниясын құрды, ол су секторында және одан тыс бірнеше лауазымдарда жұмыс істейді. Сонымен қатар, ол 20 жыл бұрын Халықаралық су қауымдастығына мүше болды. Ол статистика және экономика бойынша мамандар тобының мүшесі ретінде болып. Онда ол салыстырмалы жұмыс тобының жетекшісі, хатшысы болып, 9 жылдан кейін сол мамандар тобының төрағасы лауазымына тағайындалды. 1995 жылы ол Голландияның ұлттық басқару комитетіне мүше болды, ол Голландияның су шаруашылығы саласында өте табысты салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, жүзеге асырды.

 

 

Теодор Попа

Теодор Попа 2001 жылдан бастап Румыниядағы Брасов су компаниясының қаржы менеджері және Халықаралық су қауымдастығының (ХСҚ) мүшесі. 1995 жылдан бастап ЕО және басқа да халықаралық донорлар қаржыландыратын жобаларға қатысады. Румынияның су секторындағы реформаларына қатысты: компанияны аймақтандыру және қайта құрылымдау процесі: институционалды қайта құру, тарифтік стратегия және концессиялық байланыстарды жүзеге асыру. Ол бүкіл әлемде ұсынылған әртүрлі құжаттардың авторы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және Дүниежүзілік банктің су секторын реформалауға, тарифтік саясатқа, коммуналдық қызметтерді басқару мен агрегаттарға және т.б. қатысты халықаралық жобаларына сарапшы.

 

 

Ян Хамменеккер

Ян Хамменеккер - Бельгияның ірі мемлекеттік су компаниясы De Watergroup-тің коммерциялық директоры. Ол серіктестікте 30 жылдан астам уақыт болды. Ол геолог ретінде жұмыс істе бастады, содан кейін су бизнесінің коммерциялық жағына өтті. Оның мүдделеріне суды толтыру және жалпы есеп айырысу әдісі, сонымен қатар тұтынушылардың мінез-құлқы, бағалардың икемділігі, атап айтқанда жаңа нарықтардың дамуы жатады. Ол Заттар интернеті (ЗИ) және оның су секторындағы инновацияға әсері туралы біледі. Болашақ тенденциялардың бірі - ЗИ және онымен байланысты қызметтер мен қосымшаларға негізделген интеллектуалды есепке алу.

 

 

Масао Шибуя

Масао Шибуя - Жапон су құбырлары қауымдастығының халықаралық бөлімінің, оқыту және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, оның құрамына негізінен жапондық су шаруашылығы кіреді. Жапондық сумен жабдықтау қауымдастығы (ЖСЖҚ) 1904 жылы құрылды, ал алғашқы ЖСЖҚ курсы 1957 жылы сумен жабдықтау туралы заңда белгіленген «суды басқарудың техникалық әкімшісі» әлеуетін дамыту үшін құрылды. Масао қауымдастықпен 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Өзінің еңбек жолын ЖСЖҚ инспекциялау және сертификаттау қызметтерінен бастады, содан кейін су шаруашылығы қызметін басқару аспектілерін зерттейтін ғылыми бөлімге ауысты. Оның су құрылыстарына деген басты алаңдаушылығы - жалпы сумен жабдықтауды басқару, атап айтқанда суды есептеу.

 

 

Филиппо Альфонсо Балдаро

Филиппо Альфонсо Балдаро, жоба менеджері, экономика және қаржы магистрі (Болонья университеті, Италия) және экологиялық менеджмент магистрі (Барселона университеті, Испания).

Оның су шаруашылығы, суға деген сұранысты басқару, сумен жабдықтау және су секторын реттеу саласындағы іскери ақыл-кеңістігінде мол тәжірибесі бар. Оның ғылыми қызығушылықтары мен қызметі: экономика, статистика, эконометрика және мәліметтер туралы ғылым, регрессиялық модельдермен болжамды аналитика, уақыттық қатарлар және машинаны оқыту алгоритмдері; деректерді талдау және бизнес-барлау құралдарын жасау және прототип құру; нарықты талдау және клиенттермен қарым-қатынас стратегиясы; Шығындар мен пайда талдауы (ШПТ) және өмірлік циклді бағалау (ӨЦБ) арқылы жобаларды / бағдарламаларды бағалау; экожүйе қызметтері мен қоршаған ортаға әсерін бағалау; су саясаты және басқару.

Халықаралық су ассоциациясының (ХСА) статистика және экономика бойынша мамандар тобының басқарушы комитетінің мүшесі.

 

 

Иоаннис Костакис

Доктор Иоаннис Костакис - Грекияның Ашық Университетінде қолданбалы экономика бойынша доцент. Ол қоршаған орта мен тұтынушылардың мінез-құлқына бағытталған тұрақты даму саласындағы ғылым магистрі (Афины Харокопио университеті) және экономика және эконометрика саласындағы үздік ғылымдар магистрі (Кент университеті, Ұлыбритания). Сонымен қатар, ол Грециядағы қолданбалы экономика бойынша диссертация қорғады. Оның докторлық диссертациясы фискалдық түзетулердің тұтынушы мінез-құлқына әсері туралы айтады. Оның қазіргі зерттеу бағыттары: эконометрика, микроэкономикалық теория, макроэкономикалық саясат және экономикадағы сандық әдістер.

Кестесі
10 қазан (бейсенбі) 2019 ж
   
Кіріспе сессия
   
08:30 - 09:30 Тіркеу
   
09:30 - 10:30 Ашылу салтанаты
  Жергілікті ұйымдастыру комитеті мен әріптестердің кіріспе сөзі:
  Венг Тат Хуэй, Декан
Назарбаев Университеті, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі;
  Әлихан Байменов, Астана Хабының Мемлекеттік қызмет саласындағы басқарушы комитетінің (ACSH) төрағасы;
   
10.30 – 11.00 Шақырылған спикерлердің кіріспе сөзі:
  Профессор Марко Фэйрвэй, Саяси ғылымдар факультетінің профессоры, Джейкобс университеті, Бремен, Германия.
   
11.00 – 11.30 Жалпы фото және кофе-брейк
   
10 қазан (бейсенбі) 2019 ж
   
1 сессия 
   
11.30 – 13.30 1 секция, Тиімді басқару: себептері, шығындары мен салдары
  2 секция, Орта Азиядағы экономикалық мәселелер
  3 секция, Халықаралық су қауымдастығының кездесуі (жабық іс-шара)
   
13.30 – 14.30 Түскі ас
   
2 сессия 
   
14.30 – 16.30 4 секция, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және жемқорлықты қабылдау
  5 секция, Қазақстандағы бірегейлік саясат
   
16.30 – 17.00 Кофе-брейк
   
3 сессия
   
17.00 – 18.00 ЖМСМ кітабының тұсаукесері, Стефанос Ксенариос
  ACSH кітабының тұсаукесері, Колин Нокс
   
18:00 - 21:00 Кешкі ас
   
11 қазан (жұма), 2019 жыл
   
4 сессия 
   
10.00 – 12.00 6 секция, Өңірдегі мемлекеттік қызмет реформасы: тәжірибе және алынған сабақтар (ACSH, 1 бөлім)
  7 секция, Қалаларда су ресурстарын басқарудағы саяси мәселелер
   
12.00 – 12.30 Кофе-брейк
   
12.30 – 14.30 8 секция, Өңірдегі мемлекеттік қызмет реформасы: тәжірибе және алынған сабақтар (ACSH 2, 2 бөлім)
  9 секция, Еуразияда аумағындағы даму мәселелері
   
14.30 – 15.30 Түскі ас
   
15.30 – 17.30 10 секция, PhD студенттердің баяндамалары
  11 секция, PhD студенттерінің баяндамалары
   
17.30 – 18.00 Жабылу рәсімі
  Сертификаттармен марапаттау
  Келесі 2020 жылға ЖМСМ-ның жыл сайынғы  халықаралық конференциясына шақыру
  Жергілікті ұйымдастыру комитеті төрағасының алғыс сөзі
   
12 қазан (сенбі), 2019 жыл
   
5 сессия 
   
09:30 – 11:00 1 секция, ХХІ ғасырда суды зерттеудің басымдықтары
   
11.00 – 11.30 Кофе-брейк
   
11.30 – 13.00 2 секция, Дөңгелек үстел
   
13.00 – 14.00 Түскі ас
   
14.00 – 18.00 Қала бойынша тур