Ашық үкімет: халықаралық практика және Батыс Қазақстан облысының тәжірибесі

333558

Профессор Колин Нокс, профессор Карл О’Коннор және Профессор Салтанат Джаненова Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Ашық үкімет: халықаралық практика және Батыс Қазақстан облысының тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік үдерістер мен азаматтық қоғам өкілдерінің (үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшыларын қоса алғанда) ашық үкімет саласындағы әлемдік үрдістер туралы хабардар болуын арттыру және өңірдегі оң тәжірибені талқылау.

2017 жылғы 27-28 қарашадағы Орал қаласына сапар аясында ЖМСМ өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ ЖМСМ бағдарламалары туралы әңгімеледі.