Ашық есіктер күні

333558

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) барлық мүдделі талапкерлерді ЖМСМ бағдарламалары туралы ақпараттық сессияға 28/02/2019 шақырады.
Ашық есік күні – ЖМСМ-нің студенттерімен және оқытушыларымен кофе іше отырып сөйлесуге, кампусты көруге және ЖМСМ-де оқу туралы мәлімет алуға тамаша мүмкіндік. Келіңіздер, мемлекеттік саясат және басқару саласында білім алудың арқасында қандай артықшылыққа ие болу туралы ақпарат аласыздар!
Күні: 28/02/2019, сағат 19-00
Өткізілетін орны: Астана, Назарбаев Университеті, C3 ғимараты, ЖМСМ ғимараты, 1-қабат, кабинет № 1.010.
Барлық бағдарламалар ЖМСМ-нің стратегиялық әріптесі – Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленді.
ЖМСМ мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламаларын (MPP/MPA), сондай-ақ мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламаларын ұсынады. Толығырақ ақпарат.
Біз сондай-ақ толық оқу ақысын өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда ай сайынғы стипендияны ұсынамыз. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Тіркелу үшін сілтемені басыңыз
Өзіңіздің достарыңызбен, әріптестеріңізбен және барлық мүдделі үміткерлермен ақпаратпен алмасуыңызды сұраймыз.