Анна Чанг

 

Арзана Мыдерризи

Лауазымы: Нұсқаушы
Білімі: Экономика магистрі, Вандербильт  Университеті (АҚШ)

Ғылыми қызығушылығы

Халықаралық даму, бағдарламаларды бағалау, экономикалық және әлеуметтік саясатты талдау, зерттеу әдістері, экологиялық тұрақтылық.

Байланыс ақпараты

Арзана Мыдерризи
Нұсқаушы
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Kаб. 4,005, Назарбаев Университеті
Қабанбай батыр даңғылы 53
Астана, Қазақстан, 010000
Email: arzana.myderrizi@nu.edu.kz 

Арзана Мыдерризи

Арзана Мыдерризи Теннеси штатындағы Нэшвиллдегі Вандербильт  Университетінде экономика саласының магистрі дәрежесін алды. Магистр дәрежесін алып, Косоводағы консалтингтік фирмада екі жыл жұмыс істеді. Оның жұмысының көп бөлігі демеушілер қаржыландыратын бағдарламаларды бағалауға және Косовода зерттеулер жүргізуге бағытталды.  Ол АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) және Біріккен ұлттар ұйымының Даму қоры (БҰҰДҚ) сияқты халықаралық ұйымдар қаржыландыратын Косоводағы бағдарламаларды бағалауды жүргізеді. Бұдан басқа, Косоводағы Рочестер технологиялық институтында (RIT) мемлекеттік саясатты дамыту және көшбасшылық бойынша оқытушы ассистенті болды.

Бұған дейін Арзана Мыдерризи Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі RIT орталығында (CENR) жұмыс істеді, онда ол екі ірі зерттеу жобаларына қатысты, атап айтқанда: Дүниежүзілік банк (WB) пен Rockfeller Brothers қоры (RBF) және Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (UNFAO)қаржыландыратын Wood Consumption Survey қаржыландырған үй шаруашылықтарында энергия тұтынуды зерттеу.   Осы жобалардың аясында  ел деңгейінде энергетикалық ресурстарды тұрақты пайдалану қарастырылған.