2023 жылдың 23 мамырда Сингапур Президенті Мәртебелі Халима Якоб Назарбаев Университетінің құрметті қонағы ретінде «Арыстан қаласынан Ұлы далаға дейін» тақырыбында дәріс оқыды

2023 жылдың 23 мамырда Сингапур Президенті Мәртебелі Халима Якоб Назарбаев Университетінің құрметті қонағы ретінде «Арыстан қаласынан Ұлы далаға дейін» тақырыбында дәріс оқыды. Шараға Қазақстан үкіметінің өкілдері, сондай-ақ Назарбаев Университетінің әкімшілігі, оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Президент Халима Якоб дәрісінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз өзара тиімді 30-жылдық ынтымақтастық жетістіктері туралы айтты.

Өзінің сапары аясында Президент Халима Якоб NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қазіргі студенттерімен және түлектерімен кездесті. Өзінің сапары аясында Президент Халима Якоб НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қазіргі студенттерімен және түлектерімен кездесті. Қатысушылар оған қызықты сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Қойылған сұрақтардың ішінде Қазақстанның Сингапурмен киберқауіпсіздік және киберқылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығы; тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық серіктестікті дамыту және Сингапур мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, әсіресе білім беру және әйелдердің, мүгедектер мен әлеуметтік аз қамтылған топтардың саясаттағы өкілдігін жақсарту үшін Сингапур пайдаланатын дипломатиялық стратегиялар туралы тақырыптарды қамтыды.

Президент Халима өз сөзінде Назарбаев Университеті мен Сингапур Ұлттық университеті арасындағы берік ынтымақтастықты атап өтті. 2012 жылдың тамыз айынан бастап қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) мен Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі (LKYSPP) академиялық алмасуды, озық тәжірибелермен бөлісуді және бірлескен зерттеулерде ынтымақтасуды ұлғайтып келеді. Стратегиялық серіктестік аясында Мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару магистратурасында оқитын барлық NU GSPP студенттері Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінде Сингапурдан келген профессор-оқытушылар құрамы мен аға саясаткерлер жетекшілік ететін екі апталық тәжірибелік оқу сапарына Сингапур құрамдас бөлігіне бару мүмкіндігіне ие болады. 2016 жылдан бері GSPP бағдарламасының 13 студенті бір семестрлік алмасу бағдарламасы бойынша Сингапурға оқуға барса, Сингапурдан 11 студент Астанаға оқуға келді.