2020 жылғы 15-16 қазанда Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттары мен COVID-19 қатерлеріне арналған халықаралық онлайн конференция өтті.

16/10/2020

 

2020 жылғы 15-16 қазанда Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттары мен COVID-19 қатерлеріне арналған халықаралық онлайн конференция өтті.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (НУ ЖМСМ) Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен және Астана қаласының мемлекеттік қызмет хабымен әріптестікте «Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттары және COVID-19 сын-қатерлері» тақырыбында төртінші жыл сайынғы конференция өткізді. 

Онлайн-форматта алғаш рет ұйымдастырылған конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Грекия, Италия, Канада, Словения, Сингапур, Израиль және АҚШ-тың зерттеушілері, ғалымдары, сарапшылары, мемлекеттік қызмет практиктері және студенттер қатысты.

Назарбаев Университетінің Провосты Илесанми Адесида құттықтау сөз сөйледі: «Біз Орталық Азияға ерекше назар аудара отырып, конференция барысында талқыланатын мәселелердің барлығы жалпы бүкіл әлемдік қоғам үшін өте пайдалы болада деп есептейміз».

НУ ЖМСМ деканы Венг Тат Хуэй: “COVID-19 дағдарысы, сөзсіз, орнықты даму мақсаттарының бәріне болмаса да, көпшілігіне қол жеткізу қабілеттілігі мен ықтималдығына терең және қатты әсер етті. Алайда, бұл дағдарыстың сын-қатерлерін мүмкіндіктерге айналдыруға болады деген түсінік бар. Ковидтен кейінгі әлемде дұрыс саясат пен тиімді басқарудың қажеттілігі бұрынғыдан да зор болып отыр, өйткені үкіметтер мен қоғамдар анықталған жүйелік олқылықтарды жою үшін саяси таңдауға тап болды. Есеп беретін жүйелерді, бейімделетін институттарды құру, технологиялық және цифрлық инновациямен үйлесетін азық-түлік, су, энергетика, медицина, көлік және қала жүйелерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын құру үшін саяси ойлау мен тәжірибені өзгерту қажет. Осылайша, ЖМСМ-ның 4-ші конференциясы Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттары мен COVID-19 сын-қатерлеріне, проблемалар мен мүмкіндіктерге назар аудару үшін, сондай-ақ COVID кезінде және одан кейінгі әлемдегі ОДМ-ның әртүрлі аспектілеріне қол жеткізуге үнемі талпынуға арналған”.

Астана қаласының Мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов атап өткендей: “Дағдарысқа жауап ретінде үкіметтер, негізінен ресурстарды қысқа мерзімді бөлу тұрғысынан жедел шешімдер қабылдайды. Дегенмен, жылдам шешімдерді іздеуде ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсаттары назардан тыс қалмағанына көз жеткізу маңызды. Бүгін де бүкіл әлем бойынша үкіметтер, соның ішінде Орталық Азия елдері, үлкен қысыммен жан-жақты және барабар әрекет етуде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Дегенмен, бұл пандемиямен күресуге арналған әмбебап жол картасы жоқ. Сондықтан озық тәжірибені тарату барысында барлық секторлар мен мүдделі тараптар арасындағы жаһандық ынтымақтастық пен тиімді әріптестік қатынастарды нығайту маңызды”.

ЖМСМ конференциясының негізгі спикерлері баяндама жасады: Грекияның Афины Экономика және бизнес университетінің Экономикалық мектебінің тұрақты даму (экономика және эконометрика) кафедрасының меңгерушісі Фиби Кундури және Сингапур, Сингапур ұлттық университетінің шақырылған профессоры Винод Томас.

Конференцияға келесі сегіз панельдік сессиялар кірді: Астанадағы мемлекеттік қызмет хабымен (ASCH) бірлесіп ұйымдастырылған климат, қоршаған орта және адам дамуы, су қауіпсіздігіне және тұрақты қалпына келтіру жолында, мемлекеттік басқару және жаңа болмыстағы сенім, COVID-19 сын-қатерлері және Орталық Азиядағы денсаулық сақтауды басқару, кедейлікті азайту және экономикалық даму, Орталық Азиядағы саясат, реформалар және табиғи ресурстар, климаттық өзгерістермен күрес, энергетикалық ауысу және еңбек нарықтары: мемлекеттік саясат және салалық салдар, жас зерттеушілер орнықты даму мақсаттары туралы. 

Конференцияға қатысушылар, оның ішінде жас зерттеушілер өздерінің зерттеу нәтижелерімен, білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті және әріптестік желілерді кеңейтті.

Анықтамалық ақпарат:

ЖМСМ. Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) миссиясы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін біз саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аудара отырып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейін ұсынамыз. ЖМСМ 2012 жылы ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Біз бірлесіп ЖМСМ -нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде қалыптасуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. ЖМСМ бағдарламалары мемлекеттік саясат саласындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласындағы магистратураны, мемлекеттік саясат саласындағы докторантураны қамтиды. 2019 жылы ЖМСМ Мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтың (EAPAA) ресми аккредиттеуінен өтті. www.gspp.nu.edu.kz 

Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Мектеп) – Сингапурдың дербес ұлттық университеті (NUS). QS (2019) әлем университеттері рейтингінде Мектеп әлемде 11-ші, Азияда 1-ші орынға ие болды. Мектеп ресми түрде 2004 жылы 4 тамызда іске қосылды және Сингапурдың бірінші премьер-министрінің атымен аталды. Мектеп NUS 1992 жылы Гарвардтағы Кеннеди мектебімен бірге жасаған Саяси бағдарламаны мұра етті. Бүгінгі күні мектеп магистр дәрежесін алудың бес бағдарламасын, стипендия және докторантура бағдарламаларын, сондай-ақ төрт зерттеу орталығын ұсынады. Мектептің миссиясы – Азиядағы жетекші әлемдік мемлекеттік саясат мектебі болу, зияткерлік көшбасшылықты дамыту, басқару стандарттарын жақсарту және одан да тұрақты әлем үшін өмірді өзгерту. www.lkyspp.nus.edu.sg 

Astana Civil Service Hub.  Астаналық мемлекеттік қызмет хабы (ACSH), Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының бастамасымен 2013 жылы наурызда 25 елдің және 5 халықаралық ұйымның қолдауымен құрылды. Бүгінгі таңда хабтың құрамына 42 елден және 70-тен астам институционалдық әріптестер кіреді. ACSH әріптестік қатынастарды дамыту, әлеуетті құру және өзара оқытуды дамыту іс-шаралары, сондай-ақ  кешенді зерттеу бағдарламасының нақты дерекқорына негізделген шешімдер арқылы өңірдегі үкіметтерді қолдауға бағытталған, мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы білім мен тәжірибені үздіксіз алмасу үшін көпжақты институционалдық платформа болып табылады. Қатысушылардың географиялық ауқымы Солтүстік Америка мен Еуропадан бастап, ТМД, Кавказ және Орталық Азия арқылы АСЕАН елдеріне дейін таралады, бұл мемлекеттік қызметті жетілдірудегі әріптестік барлық елдер үшін тұрақты және жалпыға бірдей қажеттілік екенін көрсетеді. www.astanacivilservicehub.org 

БАҚ үшін байланыс деректері:

Наргиз Даутова

Электрондық пошта: nargiz.dautova@nu.edu.kz 

Тел: +7 701 521 84 59