ҰСЫНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР

Мемлекеттік саясат магистрі

Бұл бағдарлама аймақтық және халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарда қызмет ету үшін мемлекеттік саясат саласында терең дайындық қажет ететін студенттерге арналған.

Толығырақ
Мемлекеттік басқару магистрі

Бағдарлама мемлекеттік, қоғамдық институттар/ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылық лауазымдары үшін мансап жоспары бар мемлекеттік және жеке сектор мамандарына лайықты болып табылады.

Толығырақ
Кәсіби білім

Біз аймақтағы мемлекеттік және жеке секторларда ұйымдардың талаптарына сәйкес келетін арнайы оқу курстарын ұсынамыз. Жиі бұл бағдарламалар тапсырыскердің қысқа мерзімді қажеттіліктерінің және ЖМСМ профессорлары мамандығы негізінде әзірленеді.

Толығырақ
Докторантура

Докторлық бағдарламаға қызығушылық танытқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Бағдарлама әзірлік үстінде.

Толығырақ

Неге жмсм-ды таңдау керек?

Профессорлар

Біздің профессорлар – әлемдік деңгейде мемлекеттік басқару және саясат сапасын жақсарту үшін магистранттарды озық ғылыми зерттеулер негізінде оқытатын Орталық Азия сарапшылары мен халықаралық ғалымдар.

Орталық Азияға назар

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің назарында Қазақстан ғана емес. Біз Орталық Азияның мемлекеттік секторын зерттеуге мүдделі шетелдік студенттерді тартудамыз.

Ли Куан Ю (СҰУ) мектебімен серіктестік

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің серіктесі Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі болып табылады. Студенттер мен профессорлар кәсіби дамуы үшін арналған алмасу бағдарламалары ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.

Күнтізбе

Саясатты әзірлеу негіздері
Толығырақ
Мінез-құлық қадағалауларын мемлекеттік саясатта қолдану
Толығырақ
30 Қыркүйек НУда Ашық Есік қүні!
Толығырақ

ЖМСМ профессорлары мен докторанттары 2017 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды қаласында өткен «Қоғамдық кеңестер: проблемалары және даму перспективалары» конференциясына қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 2017 жылғы 6 қазандағы бірінші кездесу шеңберінде Қазақстанның сыртқы саясаты туралы баяндама жасады. Ержан Ашықбаев 2013 жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, Ашықбаев мырза ағылшын, түрік және француз тілдерінде сөйлейді және оның Төтенше және екінші класты Өкілетті Елші атағы бар.

Назарбаев Университетінің ЖМСМ және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтымен және Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесімен бірлесіп сыртқы мүдделі тараптардың Ауғанстан бойынша мәселелерді талқылау мақсатында, сондай-ақ Ауғанстанның Орталық Азияға әсерін бағалау үшін «Ауғанстан және геостратегиялық ландшафттың өзгеруі: Қазақстанға арналған бағдарлама» форумын ұйымдастырды.